Бельгияның шетелдік паспортында комикс кейіпкерлері бейнеленді

7 ақпаннан бастап бельгиялықтар жергілікті комикс кейіпкерлерінің суреті бар шетелдік төлқұжатқа ие бола алады.

Айрықша дизайнның авторлары жаңа төлқұжатты қолдан жасау мүмкін емес дейді. Айта кетейік, мұндай өзгеріс 2008 жылдан бері алғаш рет енгізіліп отыр.

Айта кетсек, қазір Брюссельдегі комикстер музейінде көрме өтіп жатыр. 

Cофи Вильмес, Бельгияның сыртқы істер министрі:

- Біз бельгиялық комикстерімізді мақтан тұтамыз. Бұны жұмсақ, бірақ өте қуатты күш деп айтуға болады. Бір жағынан, бұл мақтаныш үшін емес, төлқұжаттарымыздың қауіпсіз болуы үшін де маңызды қадам.

Сара Муравски, канадалық студент:

- Бұл өте тамаша идея. Әлем, оның ішінде Канада тұрғындары Бельгия мәдениетін комикс мультфильмдермен байланыстырады. Сондықтан осы ерекшеліктің төлқұжатта көрініс тапқаны тапқырлық деп ойлаймын!