Армения мен Әзербайжан басшыларының кездесуі өтті

Брюссельде Армения мен Әзербайжан басшылары және Еуропалық Кеңес төрағасының қатысуымен үшжақты келіссөз өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда шекара қауіпсіздігі, оны белгілеу бойынша арнайы коммисия құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қатысты келіссөздерге дайындық мәселесі мен Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге байланысты сұрақтарды талқылады. Мемлекеттер енді келесі кездесу осы жазда өтеді деп жоспарланып отыр.