Исландияда 6 мың жыл ұйықтап жатқан жанартау оянды

Исландияның Рейкьявик қаласына қауіп төніп тұр.

Іргеде жатқан жанартау байыз таппай атқылап жатыр. Елдің ұлттық метеорологиялық агенттігінің мамандары жанартаудан бөлінген диоксид күкірті адам өміріне қауіпті екенін айтады. Бұған дейін жанартау 6 мың жыл бойы ұйқыда жатқан. Ал биыл наурыз айында қайта оянды. Төнген қауіпке қарамастан оны тамашалауға келген туристердің қарасы қалың. Олардың саны 4 мыңнан асты.

Морин Манн, турист:

- Мен екі күн бүрын өзімнің үйлену тойымды осында ұйымдастыру үшін келдім. Ұлттық саябақта жанартаудың атқылап жатқанын естіп, оны көріп қайтайық деп шештік. Керемет көрініс.

Сондай-ақ...