Ауғанстанда тәліптердің адам құқығын бұзуы жиіледі

Ауғанстанда тәліптердің адам құқықтарын өрескел бұзуы жиілеп, жағдай нашарлап барады.

Біріккен ұлттар ұйымының осы елдегі адам құқықтары бойынша арнайы баяндамашысы Ричард Беннет осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша әсіресе тәліптердің әйел құқықтарын шектеуі күшейген. БҰҰ өкілі "Талибаннан" ахуалды түпкілікті шешуге шақырды. Тәліптер былтыр тамыз айында билікті басып алған соң әйелдердің еркін жүріп тұрып, жұмыс жасауына тыйым салды. Елде қыздарға арналған орта мектептер жабылды. 850 мыңға жуық қыз бала оқуларын тастап кетуге мәжбүр болды.