Әлемде тропикалық орман жойылып барады

2010-2019 жылдар аралығында әлемде 3264 шаршы шақырым тропикалық орман жойылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан, әсіресе, Индонезия, Бразилия, Гана мен Суринам республикасы зиян шегіп отыр. Бұл ең алдымен адамның іс-әрекетімен байланысты. Ормандар негізінен пайдалы қазбаларды өндіру үшін оталып жатады. Көлік инфрақұрылымын дамыту тағы бар. Бұдан бөлек климаттың өзгеруінің де әсері де байқалып отыр. Өйткені біздің ғаламшардың «өкпесі» саналатын бір ғана Амазония тропикалық ормандарында 2010 жылдан бері 33 мың өрт ошағы тіркелген.