Мадридтегі жарылысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Мадридтегі Украина елшілігінде жарылған хат пен Сарагоса қаласындағы қару-жарақ жасайтын компанияға жіберілген жолдаманың арасында байланыс болуы мүмкін.

Қазір жергілікті полиция мәселені жан-жақты тексеріп жатыр. Себебі екі хатта бір мекенжайдан жөнелтілген.

Еске сала кетейік, кеше Испаниядағы Украина елшілігі бомба салынған хат алып, жарылыс болды. Конверт елшіге жіберілген. Бірақ оны күзетші ашып, жараланды. Осы оқиғадан кейін Украинаға көмек көрсетіп келе жатқан Сарагосадағы қару-жарақ компаниясы дәл осындай жолдама алған.