Мәскеуде В.Исайчевтің қазақ тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өтті

Өлеңдерді аударған – Айгүл Сәдуова.

Ол бұған дейін де ақынның бір кітабын ана тілімізде сөйлеткен. Бірнеше жыл бұрын жарық көрген туындының атауы «Көктем романсы». Бұл жолы Айгүл ақынның таңдауы Владимир Исайчевтің «Махаббат сыйлаймын» атты өлеңдер жинағына түскен. Владимир көптеген музыкалық қойылымдар мен әндерге мәтін жазды. Оның өлеңдері әлемнің бірнеше тіліне аударылды.

Владимир Исайчев, ақын:

– Қазақ жерінің табиғатына тамсанып, содан шабыт алып, бірнеше өлең жаздым. Ол кітабыма енді де. Енді қазақ оқырмандарының жүрегін тербесе деймін. Сұлу табиғатын сырт көздің қалай қабылдағанын ұға алуы тиіс деп үміттенемін. Кітап екі епдің жазушылар одағы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған халықаралық қоғамның ықпалымен жарық көрді.

Айгүл Сәдуова, ақын:

– Исайчева лирикасы махаббатқа құрылған. Туған жерге деген махаббат, әйелге деген махаббат. Ізгілікті іздейді. Адам бойындағы тазалықты тақырып етеді. Оның жан-дүниесі қазақ халқына да жат емес. Исайчев өлеңдерін қазақ оқырмандары жылы қабылдайды деп ойлаймын.