Алматыда Елбасы бейнеленген мурал пайда болды

Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сурет Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй жанындағы кішігірім нысанның қабырғасына салынған. Муралда Elbasy forever young деген жазу бар, бұл «Елбасы мәңгі жас» деген мағынаны білдіреді. Сурет әлеуметтік желілерде жарияланды. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы бұл мұралға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

Еске салайық, былтыр Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасында эстрада жұлдызы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал пайда болған еді.