Татарстанда мұсылман фильмдерінің фестивалі өтіп жатыр

Татарстанда фестиваль қазақстандық фильмдердің көрсетілімінен басталды.

Мұсылман киносының халықаралық фестиваліне көрермендердің назарына бес картина ұсынылды. Соның бірі Күлтегін. Адай Әбелдиновтың тарихи анимациялық фильмі. Британдық режиссер Джесси Джонсонның, Фархат Шариповтың туындылары да бар. Оған қоса Гүлнар Сарсенова мен Вахтанги Хубутияның Тарлан" картиналары көрсетілді. Соңғы фильмді Қазақстан мен Татарстан бірігіп түсірген.

Юлия Захарова, «Тарлан» фильмінің қоюшы режиссері:

- Бұл классигіміз Ғалымжан Ибрагимовтың туындысы бойынша түсірілген фильм. Біз шығармасын дәлме-дәл берген жоқпыз, сарыны бойынша түсірдік, өйткені барлық оқиға қазіргі кезде де болып жатыр. Өте күрделі жоба декп есептеймін. Пандемия кезінде Татарстан мен Қазақстанда түсірілді. Қиындықтар көп кездесті.