387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында биыл жол-көлік оқиғасынан 57 адам қаза тапқан

  • 148
Қызылорда облысында биыл жол-көлік оқиғасынан 57 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан 57 адам қаза тауып, 351-і жарақаттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда өңір жолдарында көз жұмғандар саны екі есеге көбейіп отыр. Ал биылғы 7 айдың өзінде 25 мыңдай азамат жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Жол бойындағы қайғылы оқиғаларды азайту үшін өңірде «Жүргізуші, жолда абай бол!» профилактикалық шарасы басталды. Акция барысында жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратылды. Сондай-ақ полицейлер көлік апаттарын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныс берілгенін айтып отыр. Олардың қатарында жаяу жүргінші жолағына шамдар қою және қаланың 45 нүктесіне «Ақылды бұрылыс» құрылғыларын орнату секілді жоспарлар бар. Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы солтүстік бөлігін 4 жолақты етіп кеңейту көзделген.   

Азамат Оспанов, облыстық полиция департаментінің ЖПҚБ басшысының орынбасары:

– Қарама-қарсы бағытпен жол көлік оқиғалары көптеп кездесуде. Осыған байланысты 4 жолақты жолға ұсыныс берілген. Қазіргі таңда 4 жолақты жол жасаламын дегенше, оған дейін осы екі жолақты жолдың өзіне, жолдың ортасына жолтаңбаларымен сызу ұсынысы келтіріліп тұр. Бұл жол таңбаларын басқан кезде жүргізушілердің ұйықтап кетпеуіне үлес қосылады.

Хабар 24 телеарнасы