«Отбасы банк»: 8 693 адам біржолғы зейнетақы төлемін алды

«Отбасы банк» алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы хабарлады.

«Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді екі жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз», – делінген мекеме таратқан мәліметте.

Ақша түскеннен кейін жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

Enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады.