Дубайдан Алматыға келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Ол Алматыға ақпанның 11-і күні ұшып келді.

Бұл күні елімізге шеттен 425 жолаушы жеткен еді. Олар оқшауланып, ПТР тест тапсыруға міндеттелді. Ал өткен тәулікте 18 халықаралық рейспен 1 945 азамат ұшып келген. 306-сының қолында індет жұқтырмағанын растайтын анықтама болмай шықты. Жолаушылар тест тапсыру үшін карантинге алынды.