419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр 25,5 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

  • 51
  • UPD: 11:16, 24.02.2021
Былтыр 25,5 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 25 541 мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шаралары көрсетілді.

Олардың 15,4 мыңнан астамы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,2 мыңы тұрақты жұмыс орындарына, ал қалғандары әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Бұдан басқа, 1,5 мыңға жуық адам микрокредиттер мен гранттар алды, оның ішінде «Бастау бизнес» жобасы аясында.

Сондай-ақ 2,2 мың мүгедектігі бар адам Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес 2020 жылы жұмыс берушілер мүгедектігі бар 6,4 мың адамды жұмысқа қабылдады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді, ол бойынша өткен жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 31 арнайы жұмыс орны құрылды.

Хабар 24 телеарнасы