430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ан-26 ұшағы апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді

  • 185
  • UPD: 17:16, 15.03.2021
Ан-26 ұшағы апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» өткізіледі.

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Алматы маңында ұшақ құлады

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері аталды

Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды

Хабар 24 телеарнасы