Қазақстанда құс тұмауы мен басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мұқият қадағалануда

Статистика деректері бойынша, Қазақстанда шамамен 43,6 млн бас құс бар.

Олардың 11,8 млн-ға жуығы жеке азаматтардың қолында болса, қалғаны сыртқы ортамен байланысы жоқ құс фабрикаларында бағылып жатыр.

«11,8 млн құсқа жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, вакцина салынады. Яғни аурудың алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жоғары патогенді құс тұмауы тарап кетпеуі үшін мониторингтік бақылау жүргізіп отырады.

Сондай-ақ ветеринарлық қызмет көрші мемлекеттердегі эпизоотиялық жағдайды мұқият қадағалайды және ол жақта жануарлар ауруының ошақтары пайда болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды», – делінген ҚР АШМ таратқан мәліметте.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда жануарлар ауруларының 45 түрі бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцина салу арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 миллионнан астам манипуляция, сондай-ақ 68 миллионнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ...