Қазақстанның алты өңірі «қызыл аймақта» тұр

24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.