Алматыда екі жылда 700-ден астам заңсыз ойын орны жабылды

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Стоп-игра» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде заңсыз ойын орындарын жою бойынша ауқымды іс-шараларды өткізіп келеді.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік шаралар аясында Алматының әр түрлі аудандарында 712 сауда орындары анықталды, оларда құмар ойындары орнатылған ойын терминалдары заңсыз жұмыс қызмет еткен.

«Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94 қылмыс тіркелді, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, онлайн-құмар ойындар ұйымдастырылған 7 астыртын казино және 9 компьютерлік клуб анықталып, жабылды, заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын терминалдары алынып, жойылды.

Алматы қаласының аумағында 60 орыннан тұратын заңсыз ойын мекемелерінің желісін құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі әртүрлі мерзімге сотталды (соның ішінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде)», – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында Алматы қ. бойынша ЭТД жедел-тергеу топтарын құрды, олар қаланың аудандарына бекітілді, заңсыз ойын орындарын жою жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, егер сіз заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың куәгері болсаңыз (жер асты ойынханалары, заңсыз ойын автоматтары және т.б.), сенім телефоны бойынша хабарлай аласыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/contacts?lang=kk).