Алматыда вакцина салдырғандар арасында сыйлығы бар ұтыс ойнатылды

Короновируске қарсы вакцина салдырып сыйлық ұтып алыңыз. Бұл науқанға алматылықтар белсенді қатысып жатыр.

Қалада күніне орта есеппен 2 мың 300-ден астам адам екпе алады. Бүгін вакциналау Алматының Әуезов ауданында орналасқан бірқатар сауда орталықтарында өтті. Келушілер екпе алғаннан кейін арнайы қораптан ұтыс жазылған затын таңдайды. Бағалы бұйымдар арасында түрлі әшекейлер, тұрмыстық техника, кионотеатрға билет пен қалта телефондары да бар. Жалпы ақпан айынан бері қалада 297 мыңға жуық адам вакциналанды. 

Әнуаржан Сайдәлім, қала тұрғыны:

- Мұнда вакцинаның алғашқы компонентін алуға келдім. Сөйтіп, киноға билет ұтып алдым. Мен барлық қала тұрғындарын екпе салдыру науқанына белсенді қатысуға шақырамын. Мен сияқты  сыйлық ұтып алыңыздар.