424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды

  • 208
  • UPD: 11:41, 12.06.2021
Шарын шатқалында туристер қиындыққа тап болды

Шарын шатқалында бір топ турист шатқалдан шыға алмай қалды, – деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

11 маусымда шамамен 20:00-де әлеуметтік желіде, атап айтқанда блогер Тайыр Марасуловтың инстаграм-аккаунтында көмекке шақыру туралы жазба жарияланған.

Дереу оқиға орнына Алматы облысының Төтенше жағдайларды жою бөлімінің күштері мен құралдары және «Шарын шатқалы» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны қызметкерлері жіберілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

ТЖД 11 маусымда Кіші Шарын шатқалы аумағында жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болғанын, соған байланысты сол жерде дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

Жеті адамнан басқа демалушылар болған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам іс-түссіз жоғалып, 6 адам жарақат алғаны туралы айтқан болатынбыз.

 

Хабар 24 телеарнасы