COVID-19: Елорданың жансақтау бөлімдерінде орын жоқ

Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде науқастарды жатқызатын орын жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда мұнда коронавирусты жұқтырғандар жатыр. «Олардың жағдайы өте ауыр», - дейді дәрігерлер. 7 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы 45 науқасқа оттегімен қамтамасыз етілген маска таққан екен. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ауруханаға түскендердің бәрі вакцина алмаған.