М.Аймановқа ержүректігі мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды хабар 24 Ақордаға сілтеме жасап.

М.Қ. Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

2021 жылғы 29 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                           Қ.Тоқаев