Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде 67-орында

Қазақстан бейбіт елдер рейтингінде биыл 163 мемлекеттің ішінде 67-орыннан көрінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәліметті Финпром сайты жариялады. Елде террористік және экстремистік бағытта жасалған заңбұзушылықтар 20 процентке артқан. Қаңтар айынан бері 139 жағдай тіркелді. Олардың дені – Түркістан облысында. Жамбыл мен Шымкентте де қылмыстың мұндай түрі тыйылмай тұр.