Маңғыстаулықтан 215 келі бекіре тұқымдас балық табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Аташ ауылының тұрғынынан тоңазытқыш жабдығына жасырылған жалпы салмағы 215 кг бекіре тұқымдас балық табылды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шараларының барысында Түпқараған ауданы Аташ ауылындағы жеке үйлердің бірінде тоңазытқыш жабдығына жасырылған жалпы салмағы 215 кг бекіре тұқымдас балық табылды», – делінген мәліметте.

Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады.