Жұмыртқа және ұн өндірушілерге ескерту жасалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілерге бағаның өсуі туралы мәлімдегені үшін 4 ескерту жасады.

Елордада, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталды. Осыған байланысты Үкімет басшысы азық-түлік бағасын реттеу бойынша кеңес өткізді. Бір апта ішінде өнімдер бірнеше пайызға қымбаттады. Сондықтан ірі тауар өндірушілер мен сауда желілеріне әлеуметтік маңыздағы азық-түлікті 10 пайызға дейін төмендету туралы ұсыныс жасалды. Қазір «Айналым схемасы» аясында өңірлерде жабдықтау қорлары толықтырылуда, 270 мың тоннадан астам бірінші қажеттіліктегі тауарлар сатып алынды. Асқар Мамин әкімдерге бағаның өсуін тежеу үшін тиімді жұмыс жасауды тапсырды.

Сондай-ақ...