ҚР СІМ: ҰҚШҰ күштері жағдай тұрақталғанда кері қайтады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштерінің елге келуі республикамызға террористік топтардың енуімен байланысты, деп хабарлайды хабар 24.

Қазақстан ұйымның бітімгерлік күштеріне қатысты шешімді осылай деп түсіндірді.

Шахрат Нұрышев, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

– Мен Қазақстанда бітімгерлік күштердің келуі уақытша екенін атап өткім келеді. Бұл республикадағы ішкі жағдайға байланысты қолға алынған шара. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мәлімдегендей, бұл күштер бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін болуы мүмкін. Мұның барлығы еліміздегі жағдайға байланысты болады. Ұйымның Бас хатшысының ақпарына сай елімізге 2500 бітімгер келген.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?