Екі мың тәліп келе жатыр деген ақпар жалған

Қазақстанға 2 мың тәліп келе жатыр деген ақпар шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан бұл ақпардың жалған екенін Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы айтып отыр. Сондай-ақ Алматы маңындағы әскери биозертхананы содырлар басып алды деген ақпар да жалған. Нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Мұны денсаулық сақтау министрлігі растады.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды