431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын көтерген дүкен иелері жауапқа тартылды

  • 150
  • UPD: 23:29, 19.01.2022
Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын көтерген дүкен иелері жауапқа тартылды Strategy2050.kz

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Хабар 24 қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мониторинг нәтижесі бойынша 8 бизнес субъектісінде сауда үстемесінен асыра баға қосу байқалды. Әкімдік аталған нысандарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп, «ескерту» түрінде ұйғарымдар шығарған. Ал 4 дүкенге қатысты бағаны көтергені үшін әкімшілік шаралар қабылданды. Олар: «Элит Ет» дүкендері, «Алтай» Тілендиев даңғылындағы «Ет дүкені» және «Жастар» СҮ.

Әкімдік мәліметінше, баға көтерілген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы