А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған велошеру. LIVE

Елордада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған велошеру өтіп жатыр. Осыған орай, әуесқой велошабандоз бас шаһардағы Триатлон саябағында 150 шақырым қашықтықты айналып өтеді. Бұл игі бастама Алаш ардақтысының өмір жолы мен ұлағатты ұстанымын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.