Коронавирустан емделіп жатқан 88 адамның жағдайы өте ауыр

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28 280 адам коронавирус инфекциясынан (27 181 КВИ+ және 1 099 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде: 3 672 пациент стационарда, 24 608 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 220 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр, 78 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.