М.Амрин: Қазақстандық вагондарды Украинадан шығару қиын

Палата өкілінің мәліметі бойынша Украинадағы жүк көліктерін шығарудың қауіпсіз бағыттары қаралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қазақстандық 15 темір жол контейнерін шығару оңайға соқпай тұр.

Мұрат Амрин «Атамекен» ҰКП логистика және тасымал департаментінің директоры:

– Темір жол көлігіне қатысты ахуал күрделі. Өйткені өткізу бекетінің екі бағытында да теміржол рельстері шешіліп алынған. Қазақстандық вагон да Украина аумағында қалып қойды. Бір бөлігі тиелген, біраз бөлігі бос. Қазір біз ахуалдың тұрақталғанын күтіп отырмыз. Бұдан кейін ғана бұл вагондарды алып шығудың амалын қарастырамыз.