IT компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды

Бүгін Үкіметте отандық IT компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды.  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, IT мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT жобаларды енгізу үшін жеңілдетілген кредит беруді ұсынды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі компаниялармен қарым-қатынас жолға қойылған. Өзекті ақпаратты алу үшін елге кіру, тұру және компания ашу, сондай-ақ IT саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар сайт құрылды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.