Семей тұрғыны өз қаражатына жағажай салмақ

Грек-рим күресінен жаттықтырушы Ержан Әмірханов жағажайға қажет жерді де таңдап қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында Ертісте суға кеткен жеткіншектің өлімінен кейін осындай ой келгенін айтады. Мұнда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілікте отырады. Жағажайдың аумағы шамамен 2 гектардан асады. Қазір судың асты тегістеліп жатыр. Семейде қазір шомылуға рұқсат етілген бірде бір жағажай жоқ.

Ержан Әмірханов, қала тұрғыны:

- Біз биыл статистика бойынша суға балалардың суға батуы жөнінен бірінші орындамыз. Бұл алаңдайтын жағдай. Сондықтан жайлы да қолайлы жағажай қажет. Соған барымызды саламыз. Ең бастысы тегін. Волейбол, футбол алаңдары да болады.