Елдегі орман өрттері туралы дерек

Енді соңғы бірер жылдағы орман өрті көрсеткіштеріне тоқталсақ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, биыл жыл басынан бері ел аумағында 146 орман өрті тіркелген. Қызыл жалын 24 мыңға жуық гектарды шарпыған. Келген шығын – 66 миллион теңге.

Ел аумағында, 2023 жыл 5 ай 

Орман өрті – 146; 

Өрт аумағы – 24 мың га;

Шығын көлемі – 66 млн теңге.

 

 Ал Абай облысындағы Бородулиха ауданында мамырдың 22-сі күні шыққан орман өртінен 3 мың 500 гектар жасыл желек жанып кеткен еді. 201 техника мен 10 тікұшақ тартылып, бірнеше күнде әзер сөндірілген.

Бородулиха ауданы, 22.05.2023 ж.

Өрт аумағы – 3500 га;

Қаза болды – 0;

Жұмылдарылған техника – 201;

Тікұшақ – 10.

 

Былтыр 801 орман өрті тіркелген. Салдарынан орман қорының 104 мың гектары жойылды. Келтірілген шығын 20 миллиард теңгеден асады. Ауқымды дегені – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрт. Басаман және Семиозерный орман шаруашылығындағы 91 тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза болған. Шығын көлемі – 18 миллиард теңге. Жалпы аумағы 43 мың гектардан асқан. Яғни, орман шаруашығының үштен бірі жанып кетті деген сөз. 

Ел аумағында, 2022 ж.

Орман өрті – 801; 

Өрт аумағы – 104 мың га;

Шығын көлемі – 20 млрд теңге.

 

Әулиекөл ауданы, 09.02.2022ж.

Өрт аумағы – 43 мың га;

Шығын көлемі – 18 млрд теңге;

Қаза болды – 1 адам.

 

2021 жылғы көрсеткіш те ауқымды. 712 орман өрті тіркелген. 148 мың гектар алқап жанып кеткен. Келтірілген шығын – 4,6 миллиард теңге. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы орман өртінен 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы жойылған еді. Қызыл жалын шарпыған аумақ – 310 мың гектар. Өкініштісі, адам шығыны болған. 

Ел аумағында, 2021 ж.

Орман өрті тіркелді – 712;

Өрт аумағы –148 мың га;

Шығын көлемі – 4,6 млрд теңге.

 

Риддер маңы, 10.05.2021ж.

Өрт аумағы – 310 мың га;

Өртенген үй – 35;

Жойылған шаруа – 9;

Қаза болды – 1 адам.