386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал қаласының маңында көлік пен жылқы соқтығысты

  • 153
  • UPD: 17:47, 03.09.2019
Орал қаласының маңында көлік пен жылқы соқтығысты

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін сағат 03:14-те Ақжайық ауданы аумағында Орал-Атырау жолы бойында болды. Абырой болғанда, адамдар аман. Жылқы өліп қалған. Оқиға орнына Чапаев трассалық-медициналық құтқару пунктінен 4 қызметкер бір техникамен жедел жетті. Алты адамға көмек көрсетілді, олардың екеуі – балалар. Жеңіл-желпі жарақат алған жолаушылар аудандық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ауруханаға жеткізілген екі ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы