Алматы тауларында альпинист көру қабілетінен айырылды

Алматы тауларында альпинистің көзінің қасаң қабығы үсіп кетті.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді, деп хабарлады inAlmaty.kz сайты «109» құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 қаңтарда Солтүстік жотаның бойындағы Мәншүк Мәметова шыңын бағындыру бойынша оқу-жаттығуы кезінде болған. Альпинистердің бірінің көзінің қасаң қабығын үсік шалып, ол көру қабілетінен айырылған.

«Топты бақылау радиобайланыс арқылы жүзеге асырылды, сондықтан «құтқару қызметі – 109» жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Дамир Молгачев команданы таудан тез түсіру туралы шешім қабылдады», - дейді құтқарушылар.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді. Альпинистің денсаулығын дәрігерлер бақылайтын болады.