Өскеменнен Зайсанға ұшып шыққан АН-2 ұшағы қонуға мәжбүр болды

Бүгін, 8 ақпанда, Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды.

Өйткені ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.

– Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды, – делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.