Атырау облысында өртенген шөппен бірге үш бала жанып кетті

Оқиға Махамбет ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кеше кешке жергілікті өрт сөндіру қызметіне ауылда шөп жанып жатқаны туралы хабар келген. Өрт шамамен 4 сағатта ауыздықталды. Алайда кейін 3 баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Іздестіру кезінде жасөспірімдердің денесі өртенген шөп арасынан табылды. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Осы орайда жауапты мамандар ел тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын есте сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.