Танымал вайнерлер күдікке ілінді

Танымал вайнерлер «қаржылық пирамида құрды» деген күдікке ілінді. Қазір Алматы қалалық полиция департаменті Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл азаматтар «қомақты қаржыны айналымға салсаңыз, үстеме үлес береміз» деп жұртты алдап соғып, өз инстаграм парақшаларында жарнамалаған.

Сондай-ақ полицияның хабарлауынша компанияның құрылтайшылары ретінде, пайда тауып отырған. Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен екі күдіктіге қатысты 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кепіл туралы өтініш қанағаттандырылды. Ал үшінші күдікті Азизжан Саидбаев 2 ай мерзімге сырттай қамауға алынды. Осы қаржы пирамидасынан зардап шеккен адамдар былтыр көктемде дабыл қаға бастаған еді.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Қылмыстық кодекстің 210-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Мударабах //Mudarabah Capital// капитал компаниясының бірнеше жетекшісі қамауға алынған болатын. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар деген тағы 3 азамат айқындалды. Соталды тергеу барысында екі азаматқа қатысты сотпен кепіл бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал С есімді азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданған боалтын. Қазіргі таңда С. есімді азаматтың қай жерде екені анықталу үстінде.