Алматы тұрғыны жол ережесін 92 рет бұзған    

Алматыда жол ережесін 92 рет бұзған азамат ұсталып, айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Сергек» жүйесінде жаңа іске қосылған «Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен анықталды. Қырағы бейнебақылаудың жаңа қызметі жалған нөмірлі көліктерді де анықтайды. Айталық, өткен тәулікте ғана жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізуші жауапқа тартылды. Сондай-ақ көлігіне арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланғандар тіркелді. Бұл көлік жүргізушілері ұсталып, көліктері арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.