Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Қызылордада заңсыз ойын бизнесінің өкілдері ұсталып, оны ұйымдастырған екі азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біріне мың, екіншісіне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тергеп-тексеру кезінде заңсыз ойын құрылғылары анықталған. Сонымен қатар, көлеңкелі кәсіп өкілдерінің,,, бірнеше адамды жұмысқа қабылдағаны да белгілі болды. Сотталушыларға айыппұлды төлеуге бір ай уақыт берілді, жалтарған жағдайда қаражат мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қызылордалық азамат Цой заңмен белгіленген аумақтардан тыс жерде лицензиясыз құмар ойындарды ұйымдастыру  үшін букмекерлік кеңсесінің атынан ғимаратты жалға алған. 9 дербес компьютер алып, интернет желісіне қосқан. Сараптама қорытындысына сай, желілік блоктарды пайдалану арқылы арнайы бағдарлама қолданып онлайн ойындар сайтына кірген. Екінші азамат Наурызбаев пәтерді жалға алып, «электронды рулетка» ойын құрылғысын орнатқан.