А.Майоров: Парламенттік сайлау – тарихи маңызы бар оқиға

Қазақстандағы парламенттік сайлау ел үшін тарихи маңызы бар оқиға болып табылады.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар тобының үйлестірушісі Алексей Майоров осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл кампания Қазақстанның алдағы уақыттағы даму бағыттарын айқындайды. Биылғы сайлауға бұл ұйымның 48 өкілі байқаушы ретінде қатысып отыр. Олар тек Қазақстан аумағында ғана емес, басқа мемлекеттерде азаматтарымыздың дауыс беру процесін бақылайды.

Алексей Майоров, ТМД Парламентаралық ассамблеясы байқаушылар тобының үйлестірушісі:

- Біз қазіргі Парламент басшыларымен, сайлауға қатысатын партия өкілдерімен кездестік. Партиялардың қызығушылығын байқадық. Қазақстан Республикасы үшін бұл тарихи маңызы бар оқиға екендігі сөзсіз. Бұл сайлау ел дамуының бағыттарын айқындайды деген ойдамыз.