Н.Назарбаев әлем қауымдастығын дамушы елдерге көмек көрсетуге шақырды

Дамушы елдерге көмек және мемлекеттердің вакциналарға тең қолжетімділігі. Осы және басқа да бірқатар мәселе Сеулдегі жаһандық форумда талқыланды.

Екі күнге жалғасқан жиынға 3 жарым мың делегат қатысты. Конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун басқарды. Форум спикерлері арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ актриса Анджелина Джоли болды.

Владислав Цой, тілші:

- Әлем болып ат салысу, көкжиекті  кеңейту форумы Пан Ги Мунның бастамасы болып табылады. Дәстүрлі жиынның басты мақсаты - Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму бағдарламасына үлес қосу. Бұл жаһандық жоба 2015 жылы, ұйымды Пан мырза басқарып тұрған кезде енгізілді.

Пандемияға байланысты үшінші форум онлайн режимінде өтті. Халықаралық ұйымдар басшылары мен беделді саясаткерлер бейнебаяндамаларды жіберді. Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін министр Мұхтар Тілеуберді оқыды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус дағдарысты Екінші дүниежүзілік соғыспен және Ұлы депрессиямен салыстырды. Оның айтуынша, дамыған елдер пандемияның зардаптарын жоюға 10 триллион доллардан астам қаражат жұмсайды, бірақ кедей мемлекеттерде ондай мүмкіндіктері жоқ. Елбасы Дүниежүзілік банктің мәліметтерін келтірді: 2020 жылы әлемде 120 миллион жаңа кедейлер пайда болды.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:

- Қазақстанның барлық мемлекеттердің әскери бюджеттерінің 1 процентін аз дамыған елдерді қолдауға бөлу туралы ұсынысын қайта қарау пайдалы деп санаймын. Мен бұл идеяны 1992 жылдан бері Біріккен Ұйымдар Ұйымында бірнеше рет айттым және бұл қазіргі жағдайда ерекше маңызды. Айта кету керек, 2019 жылы әлем елдері әскери шығындарға шамамен 2 трлн доллар жұмсады.

Біз қаруға емес, адамдарға көп қаражат жұмсау тиіспіз. Бұл Анджелина Джолидің пікірі. Актриса 20 жыл бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан шетелге кетуге мәжбүр болған адамдарға көмектесіп келеді. Ол әлемдік қауымдастықтың көшбасшыларын босқындарды ауыр жүк деп санамауға шақырды. Оларды заманауи технологиялар арқылы оқытып, өз елдерін мықты ету үшін үйлеріне жіберуге болады деді Джоли. Анджелина пандемиямен күрес туралы да айтты.

Анджелина Джоли, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының арнайы елшісі:

- Пандемия кезінде кейбір елдер вакциналардың көп бөлігін сатып алды. Басқа мемлекеттер мен халықтар оларсыз осал болады. Бұл өзімшіл. Бұл жай ғана әділетсіздік емес, бұл надандық. Бұл әлемді теңдестірілген және тұрақты ете алмайды. Өйткені біз ғаламдық пандемия мен вирус туралы айтып отырмыз. Сондықтан біз әлі бір-біріміз туралы жеткілікті түрде ойланбаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ форумға қатысушыларды Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы сессиясын өткізуге шақыруды ұсынды. Ол жиында пандемия салдарын ескере отырып, мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі дамуының «жол картасын» әзірлеуге болады.

Владислав Цой, Ольга Лян