Президент қысқа мерзімді демалысқа шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқа мерзімді демалыста болады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқа мерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», - деп жазды Берік Уәли.