Қазақстанға барлық қолдауды көрсетеміз – Түрік парламенті

Түркия Қазақстанның бейбітшілігі мен тұрақтылығын қолдауды жалғастырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің төрт ірі саяси партиясы осындай бірлескен мәлімдеме жариялады. Әділет және даму партиясы, республикалық халық партиясы, Ұлтшылдар қозғалысы партиясы мен Жақсылар партиясының  бірлескен құжатын парламент спикері Мұстафа Шентоп та мақұлдады. Ол Қазақстандағы тұрақтылық Түркия үшін аса маңызды деді.

Севда Эрдан Кылыч, депутат:

– Адам өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және мүлікке зиян келтіретін зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптаймыз. Қазақстан билігінің халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын одан әрі жақсартуға бағытталған реформаларын қолдаймыз. Тәуелсіздік алған алғаш күннен бастап Қазақстанның жанынан табылған Түркия Республикасы, бұдан кейін де Қазақстан мен бүкіл аймақтың бейбітшілік пен тұрақтылығына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.