ҚР Сыртқы істер министрі Сингапур Президентімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапурға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Халима Якубпен кездесті.

Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға алдағы ресми сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін қарастырды. Сингапур басшысы Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге ұмтылған Қазақстанның қызметін жоғары бағалады. Халима Якуб Қазақстан мен Сингапур арасындағы өзара тиімді серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.