Елде дәл қазіргі сәтке дейін 2 миллионнан астам азамат дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айман-Акумов мәлімдеді.
Шымкентте дауыс беру учаскелері бекітілген талаптарға сай уақытылы ашылды. Таңғы 07:00-ден бастап 365 учаскеде Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады.
Құрылтай сайлауына таң атпай, ең алғашқы дауыс берген кімдер? Олар бұдан 4 сағат бұрын сайлау учаскесіне келген. Бұл - Оңтүстік Корея мен Жапонияда жүрген отандастарымыз.
Бұл науқан - ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауы. 7 партия додаға түседі. Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен сайланады.