Күрес түрлері бойынша халықаралық жарыстар кестесі бекітілді

Нұр-Сұлтанда кеткен есені Алматыда қайтаруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күрес түрлері бойынша халықаралық жарыстар кестесі бекітілді. Әсіресе, Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын бәсекелер тізімі шықты. Ең алдымен палуандар наурыздың басында Италиядағы халықаралық додаға қатысады. Бұл жарыста рейтингтік ұпай беріледі. Соған сәйкес, алдағы Азия және Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болады. Жазғы ойындардың лицензиялары да соңғыларында сарапқа салынады. Құрлықтық бәсекені Алматы қаласы қабылдайды. Ол сәуірдің 9-ы мен 11-і аралықғында өтеді. Ал, әлем чемпионаты мамырдың басында Болгарияның София қаласында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, қазақстандық классиктерде 2, еркін күрес шеберлерінде 4, ал, әйелдер күресі бойынша 2 жолдама бар. Барлығын 2019 жылы елордада өткен әлем чемпионатында иемденді.