Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

Қазіргі бессайыстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Египет астанасы Каирде өтеді.

Бұл туралы Халықаралық қазіргі бессайыс одағының (UIPM) баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz. 

Алғашында әлемдік дода Беларусьтің Минск қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда UIPM атқарушы комитеті Минскіде әлемдік доданы өткізуден бас тартты. 

Халықаралық одақ шешімі бойынша, қазіргі бессайыстан биылғы әлем біріншілігін Египеттің Каир қаласы қабылдайтын болды. 

Әлемдік дода 7-13 маусым аралығына жоспарланған. 

Айта кетелік, бұған дейін Минск қаласы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылған болатын.