Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде 4-орында тұр

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА-ның ресми рейтингісінде төртінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған рейтинг УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды.

УЕФА ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингінде Португалия бірінші орыннан үшінші орынға төмендеді. ТОП-3 тізімде Испания, Ресей және Португалия құрамасы тұр.

Футзалдан УЕФА құрамаларының рейтингісі:

1. Испания – 2229,843;

2. Ресей – 2115,118;

3. Португалия – 209,246;

4. Қазақстан – 2097,180;

5. Әзербайжан – 2018,718.