Фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты: қазақстандықтар финалға қатыспайды

Алматыда өтіп жатқан фристайл әлем чемпионатында шаңғы акробатикасынан әйелдер арасындағы бірінші финал аяқталды.

Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар алғашқы алтылыққа ене алған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші финалда Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынаған болатын. Жанбота 81.36 ұпай жинап, сегізінші орында қалды.

Ал Қалмұрзаева 80.91 ұпаймен тоғызыншы сатыда. Осылайша, екі қазақстандық спортшы да жарысты аяқтады. Негізгі финалға алты спортшы жолдама алды.